Шертпе күйдің алыбына кесене орнатылды

/uploads/thumbnail/20170708160500428_small.jpg

Қазақ күй өнерінің асқан жүйрік дүлдүлдерінің бірі, көпке таныс көсем күйші, айтулы сазгер Әшім Дұңшыұлының туғанына 118 жыл толу байланысымен Әшімнің шәкірті, әйгілі күйші, сазгер Камал Мақайұлының ұсынысына сай Күнес аудандық Әшім күй мәдениетін зерттеу қоғамы мен Сорбұлақ қалашығы Сорбұлақ қыстағындағы Әшімнің балалары мен туыс-туғандарынан Сәбитқан Бәкірұлы, Шипан Әшімұлы, Мұқтарбек Жазайұлы (Әшімнің немересі), Мейіржан Әбжікұлы (Әшімнің немересі), Әбжік Әшімұлы, Манапқазы Дәулетқанұлы, Сорбұлақ қыстағының бастығы Сәулетбек Тұяқбекұлы және Нұрболат Сабырқанұлы қатарлы азаматтар мен өнерсүйер қауым ұйымдасып, Әшімнің қабірі басына еңселі кесене орнатып, кесене айналасындағы көлемді жерді болсатып, “Әшім бақшасын” құруға кірісті.

F201412041334144946700000

Бұл игі бастаманы қолдаған қалашық басшылығы тиісті көмегін аяған жоқ. Уақыт ұзарып, жылдар жылжыса да өнері мен өнегесі өз бояуын өшкіндетпей ұлағаты ұрпаққа ұласып келе жатқан Әшімдей күй пірінің Сорбұлаққа кірер аузындағы еңсесі кесенесін көрген жұрт бәрекелдісін айтып сүйінді.

Қатысты Мақалалар