Чилиде бір тәулікте төрт шіркеуді өртеп кеткен

/uploads/thumbnail/20170922120813869_small.jpg

Бір тәуліктің ішінде Чилидің оңтүстігіндегі Арауканина ауданында 4 шіркеуді өртеп кеткен. Құқыққорғау органдары аталмыш оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын жүргізуде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті агенттіктердің мәліметіне сүйенсек, соңғы болып Эрсилья коммунасының аумағында орналасқан протестант шіркеуі өртенді. Сондай-ақ өрт мукзыкалық аспаптар сақталған қойманы дак шарпып өтті.

Өртті ұйымдастырған қылмыскерлер әлі де іздестірілу үстінде. Алайда оқиға орнынан мапуче үндістерін қолдау ұрандары жазылған парақшалар табылған.

Соңғы жылдары Чилидің оңтүстігінде шіркеулер мен жүк көліктерінің, нысандардың өртенуі жиілеген.

Бұдан бұрын «Христиан мемлекеті» ұйымының мүшесі Александр Баянов өртке қатысы барын мойындаған.

Қатысты Мақалалар