Германияда осы жексенбі күні Бундестаг сайлауы өтеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды. Оның қорытындысы бойынша жаңа Үкімет жасақталмақ. Саяси додаға барлығы 42 партия қатысып жатыр. Дегенмен Германия парламентіне тек 5 пайыздық кедергіні жеңе білгендер ғана өтеді. Неміс халқы жаңа канцлерді де тағайындайды. Бұл лауазымға ұсынылғандардың ішінде бас фавориттер Ангела Меркель және Мартин Шульц.
Елдегі ең танымал партиялардан шыққан кандидаттардың басқа үміткерлерге қарағанда мүмкіндіктері жоғары. Сарапшылардың пікірінше, мемлекетті басқаруды қазіргі канцлер Меркель жалғастыруы мүмкін. Өйткені сайлауалды телепікірсайыста ол өзінің қарсыласын шаң қаптырған. Ал кейбірі асықпай саяси науқанның ресми қорытындысын күтуге шақырды.