Алматыда бір тәулікте 40 тан астам жол көлік оқиғасы тіркелді

/uploads/thumbnail/20170708160520571_small.jpg

Бір тәулікте Алматыда 41 жол көлік оқиғасы болды деп хабарлайды Алматы ІІШ департамертінің баспасөз агенттігінің басшысы Салтанат Әзірбек.

Келтірілген мәліметтер бойынша апаттан 10 адам зардап шекті, кісі шығыны болмаған. 6 желтоқсан таңғы сағат 6:00 де басталған қар, 8 күні түңгі сағат 00:45 ке дейін жауған. Нәтижесінде қалың қар көшелерде көлік кептелісімен қатар тежегіштердің де жұмыс істеуіне кедергі келтірген. Апта бұрын осы тектес жағдайдан қалада 91 жол көлік оқиғасы тіркелген болатын.

«Апатты жағдайдың басым көпшілігіне көлік дөңгелектерінің «жазғы жүру» режимінен ауыспағандығы себеп болып отыр»,-дейді полицейлер. Мамандар хабарлауынша биылғы қыстың райы былтырғыға қарағанда әлдеқайда қатты болмақ.

Қатысты Мақалалар