Discovery арнасы «Тірідей жем болған» (Eaten Alive) атты бірегей жобаның толық нұсқасын көрсетті. Жоба барысында ұзындығы 7 метрден асатын, ал салмағы 100 келіден жоғары алып жылан – анаконда адамды тірідей жұтып қоюы керек болатын. Суда мекендейтін бауырмен жорғалаушы кез келген адамды емес, осы жобаға өз еркімен қатысуға ниет білдірген натуралист Пол Розолиді жұтуы тиіс еді. Тәжірибенің басты шарты – жоба соңынан жыланның да, оның асқазанына түспек болған адамның да аман қалуы, деп жазады Вести.
Розоли үшін жыланның ішінде ешқандай жарақат алмай жатуға мүмкіндік беретін арнайы костюм тігілді. Ол үш сағаттық ауамен қамтылған. Одан бөлек, жыланға жұтылған адамның халі туралы мәлімет беретін арнайы датчик те орнатылыпты. Болған жайттың бәрін натуралист камераға түсірді. Тәжірибе барысында жылан да, жігіт те зардап шеккен жоқ.
Себебі жылан Розолиді жемей қойған. «Тағамды» тартымды ету үшін үстінен шошқаның қаны да құйылыпты. Десе де, сынаққа қатысқан жігітті біраз тентіреткен тірі жан ақыры соңында тәбеті құрып, оны жұтудан бас тартқан.
Натуралистің айтуынша, анаконда мекендейтін жерде жыланның бұл түрі адамға шапты деген ақпарат жиі кездеседі. Алып рептилия адамнан да үлкен тіршілік иелерін еш қиындықсыз жұта салатын көрінеді.
«Бастапқыда ол мені жегісі келмеді, - деген тәжірибесімен бөлісті зерттеушілер. – Мен жабайы аң сияқты сыңай танытып, жылан менен қорғана бастады. Ең соңғы көргенім жыланның кең ашылған апаны болды. Кейін ол менің аяғымды орап, шалып құлатты. Мен киімім қалай сықырлап жатқанын естідім».
Розоли сынақ барысында қатты сасқалақтап, іштей клаустрофобия сынды қорқыныш болғанын мойындады. Алып жыланмен арпалыс шамамен бір сағатқа созылды. Зерттеушінің айтуыша, анаконда аман-сау.
«Сынақ кезінде болған жайтты ветеренар бақылап отырды, - деп әңгімеледі Розоли Discovery News-ке берген сұхбатында. – Мен жыланның өміріне қауіп төндіріп, үлкен күйзеліске ұшырататындай ешқандай әрекетке бармас едім».
Ол сондай-ақ бұл шараның Амазонияда анакондаларды сақтап қалу үшін қаражат жинау мақсатында арнайы ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.
(Бас сурет мақаламен қатыссыз)
Дереккөз: Bnews.kz