Фейсбук әлеуметтік желісін құрушы Марк Цукерберг өз акциясын 75 млн. долларға сатуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісінде айтқан болатын.
«Мен алдағы 18 айда Фейсбкуктің акциясын 35 млн мен 75 млн. доллар аралығындағы бағаға сатуды жоспарлап отырымын. Сонымен бірге осы қаражатты білім, ғылым және құқық саласына жұмсағым келеді»,- деп жазды Цукерберг.
Айта кететін болсақ 2015 жылдың желтоқсан айында да Цукерберг өзінің акциясының 99% әйеліне беретінін айтқан болатын. Ал әйелі бұл қаражатты қайырымдылық қорына салмақ болған. Алайда ерлі-зайыптылар акцияны нақты қай күні сататын айтпаған еді. Сол уақытта акцияның құны 45 млрд. долларға тең болған.