Қазгидромет таяу күндері еліміздің бірқатар өңірінде ауа температурасының күрт суытатыны жөнінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
24 қыркүйекте Алматы облысында жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (арты қарға ұласады) күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, 24-26 қыркүйекте түнде температура 3-8 градус жылы, кей жерлерде 3 градусқа дейін суытады. 24-25 қыркүйекте Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с, түнде температура 3-8 градус жылы, кей жерлерде 3 градус үсікке дейін, күндіз 15-20, кей жерлерде 12 градусқа төмендейді.
24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын түседі (арты қарға ұласады), тұман, жел 15-20 м/с-ге жетеді, ауа температурасы түнде 1-6 суытып, күндіз 5-10 жылы болады деп күтілуде.
Пікір қалдыру