Қанат Айтбаев Димаш туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермек (фото)

/uploads/thumbnail/20170924101217012_small.jpg

Димаш Құдайбергеновтың әкесі Қанат Айтбаев өз ұлына қатысты жалған ақпарат жариялағандарды жауапқа тартпақ, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында айтқан болатын.

«Қазақстан Республикасының Бас прокурорының назарына! ҚР Бас прокуратурасы 
Ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мақсатты түрде жалған ақпарат таратып отырған төмендегі сайтты жəне əлеуметтік желідегі топты ҚР ҚК 274 статьясына сəйкес жауапқа тартуды сұраймын! Жаға ұстатты тобы, "Жұрт не демейді" тобы», - деп жазған ҚанатАйтбаев өзінің фейсбук парақшасына. 

Еске сала кететін болсақ, осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желі арқылы Димаш Құдайбергенов қытай қызына үйленеді деген жалған ақпарат таралған болатын. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар