Белсенді топ «Шығыс Түркістан» деген атпен белгілі Қытайдың Шыңжаң автономиялық аймағындағы ұйғырларға қолданылған санкцияларға қарсылық білдірді. Ереуілдеушілер Эйфел мұнарасының алдындағы Трокадеро алаңында бас қосты, деп хабарлайды trt.net.tr. Айта кетейік, Шыңжаң автономиялық аймағында миллиондаған ұйғыр жүйелі түрде қысым көріп келеді. Адам құқығын қорғаушылар Қытайды қысым көрсетуде деп айыптаса, Бейжің әкімшілігі бұл «ішкі қауіпсіздік пен террор мәселесі» дегенді алға тартып отыр. Қытай халықаралық деңгейде жиі сынға ұшыраса да, ұстанымын өзгертетін емес. 1 жылдай уақыт бұрын Қытайдың зұлымдығына шыдамай қашып кеткен 300 ұйғыр Таиландтағы ормандардың бірінен аш-жалаңаш табылған болатын.
Bnews.kz