Халықаралық ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен көрнекті ұйғыр жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Зия Самадидің 100 жылдық мерейтойы Түркияның Неғде және Анкара қалаларында кең көлемді аталып өтті. Бұл шараға ТҮРКСОЙ-дың арнайы шақыруымен Жазушының ұрпақтарынан баласы Риза, қызы Билқыз барды, сондай-ақ, әдебиет пен өнердің жанашыры, кәсіпкер Ділмұрат Кузиев, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымы, ф.ғ.д. Алимжан Тілівалды; ҚЖО-ның мүшелері, ұйғыр әдебиеті кеңесінің төрағасы, жазушы, драматург Ахметжан Ашири; әдебиеттеанушы, ф.ғ.д. Рабик Исмайылов; ақын, аудармашы Дәулетбек Байтұрсынұлы секілді қаламгерлер барды.
4 желтоқсан Неғде университетінде өткен салтанатты бас қосуға түрік-қазақ студенттері, ғалым-ұстаздары, 24 мың студенті бар оқу орнының Ректоры Аднан Горор қатынасып сөз сөйледі. Ғалымдар Хикмет Қораш, Әбдурашит Қарлұқ баяндама жасап, З. Самадидің өмірі, шығармашылығы, ұйғыр түріктерінің әдебиеті туралы жан-жақты түсінік берді. Қазақстаннан барған делегат мүшелері сөз сөйлеп, өлең оқыды. 500-ден аса кісі бас қосқан зал терең сүйіспеншілік, үлкен құрметпен тыңдады. Соңында Қазақстан жағы Ректорға шапан жапса, университет ұжымы да Алатаудан асып барған ағайындарына да үлкен құрмет көрсетті.
Ертесі 5 желтоқсан Астана – Анкарадағы ТҮРКСОЙ-дың үйінде өткен жиналысқа Қазақстан елшісі Ж. Түймебаевтың ресми өкілі, елшінің орынбасары Әлімхан Есенгелдиев елшінің құттыктауын жеткізді.
Түркияның мәдениет министрінің бірінші орынбасары Нихат Гул Тюрксойдың аткарып отырған жұмыстары мен Самади шығармашылығына тоқталды, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, Хулия Касапоглы Ченгел - Гази университетiнiң оқутышысы, Туркият атты ғылыми-практикалық зерттеу орталығының директоры жалпы ұйгыр адебиеті мен Зия Самади туралы баяндама жасады. Гази университетiнiн окытушысы Айсун Демирез Гюнери Зия Самади шыгармашылығы жөніннде баяндама жасады; қазақ, ұйғыр, қырғыз ағайындар; қоғамдық ұйым өкілдері; студент жастар көп жиналды. ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов мырзаның сөзінен кейін ретімен сөз алған қатысушылар З. Самадидің сан қырлы, кең тынысты, энциклопедист-жазушы екенін атап өтті. Оның Халық жазушысы болуы да тегін емес екені содан шығар. Баяндама жасаған түрік ғалымдары жазушыны тереңінен саралай келіп, ол күллі түркі дүниесінің әйгілі қаламгері дегенге тоқтады. Осынау халықаралық маңызы бар жиналысты сондағы Қазақстанның өкілі, жазушы, аудармашы Мәлік Отарбаев жүргізіп отырды. Бұл шараның қарсаңында З. Самадидің «Ипархан», А. Аширидің «Иди құт» пьесаларын түрік тілінде жеке-жеке кітап болып басылып шыққанын атап айтуға болады.
Жиналысты қорытындылаған Д. Қасейінов мырза Қазақстан әдебиетінің бір саласы осы ұйғыр әдебиеті екенін, З. Самадидің еңбегі түркі жұртының рухани қазынасына қосылған байлық деп шегеледі. Осы жолда еңбек етіп жүрген А. Ашириге, Д. Байтұрсынұлына «Махтұмқұлы Фраки», Р. Исмайылға «Тоқтағұл Сатылғанов» атындағы медальдерді табыс етсе, өзге қонақтарды «Дада Қорқыт» атындағы белгілерімен сыйлады.
Арнайы Хабар ТҮРКСОЙ-дың қазақстандық өкілдігінен