Жаңа жылдан бастап, Қазақстанда көшелерде заңсыз жолмен жүрген қайыршыларды, көріпкелдерді және жезөкшелерді ұстап, 10 000 тг көлемінде айыппұл төлетеді, арысы абақтыға қамайтын заң күшіне енбек. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Әкімшілік кодекстің жаңартылған нұсқасында « Қоғамдық орындарда қайыр тілеу» туралы жаңа тармақ қосылды. Автобуста, көшелерде, супермаркет айналасында қол жайып тұрғандарға жоағарыда көрсетілгендей жаза түрлері қолданылады. Көше «бикештері» де бұл заңның талабынан тысқары қалмайтын көрінеді. Қолына кір-қожалақ баласын ертіп алып, көше кезгендер қайыр тілемейді, қаржы талап ететін де жағдайға жеткен.
Құлшылық орындарының ауласында немесе жертөлелерде тұрған кісілерді заң айналып өтпек. «Жертөледе тұрған адамдар, алдына телпегін тастап немесе ыдысын жайғандар жұрт берсе берді, бермесе қолқаламаса қайыршылықтың бұл түріне рақымшылық жасалады»,- деп ІІД басқармасының бастығы Алексей Мюлик мәлімдеді.