Белгілі публицист Жандос Темірғали атақты «Қан мен тер» романының авторы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреты Әбдіжәміл Нұрпейісовты әдебиет бөлімі бойынша Нобель сыйлығына ұсыну жөнінде тілек білдірді.
Жандос Темірғали : «Бұл идея маған Қараша айының соңында келді. Осылай деп ұсыныс жасауыма жазушымен ойламаған жерден кезігіп, сұхбаттас болуым себеп болды. Әбдіжәміл аға менің ағайымның ескі досы екен. Ағамыздың үйінде қонақта болғанымызда әңгімілесудің сәті түсті. Кітаптарымен бала кезден таныстығым болғанымен жазушыны бұл алғаш көруім. Сөйлесе келе осындай дара тұлғалардың тек қазақ халқына ғана емес бүкіл әлем алдында мойындалуы керек деген ойға келдім». Тіпті осы идеяны қуаттап үшін Facebook әлеуметтік желісінде арнайы топ құрған. 5 күннің ішінде 800-ге жуық адам тіркеліпті. « Мен өнертанушы ретінде Әбдіжәміл Кәрімұлының шығармаларын жоғары бағалаймын. Әсіресе, ол кісінің Арал теңізінің трагедиясы мен жергілікті халықтың ахуалы жайлы жазған шығармаларын», - дейді.Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызлорда обылысы Арал қаласында дүниеге келген. 1942 жылы 18 жасында әскер қатарына алынған. Соғыста Украина, Балтық жағалауларындағы майдандарға қатысқан. Соғыстан соң « Курляндия» атты автобиографиялық туындысын жазады. 1961-1970 жылдар аралығында КСРО Мемлекеттік сыйлығын алып берген, әлемнің 30-дан астам тіліне аударылған «Қан мен тер» трилогиясын жазған. 2000-шы жылы Арал трагедиясын көтерген «Соңғы парыз» атты роман-дилогиясы басылып шықты. Бұл шығармасы 2003 жылы Шолохов атындағы әдеби сыйлықты жеңіп алған. Ұсыныс жүзеге асатын болса, Әбдіжәміл Нұрпейісов Нобель сыйлығын алған тұңғыш қазақ болмақ.
"ҚазАқпарат"