Қыркүйектің 28 жұлдызында қазақтың үш бірдей жазушысы дүниеге келген

/uploads/thumbnail/20170928121122213_small.jpg

Қыркүйек айының 28-жұлдызы қазақтың бір емес, үш жазушысы дүниеге келген күні. Мұхтар Әуезовтің, Оралхан Бөкейдің және  Шерхан Мұртазаның  туған күні. Қабдеш Жұмаділовтың сөзімен айтқанда дәл осы күні «қазаққа Мұхтар Әуезовті сыйлаған Құдай Оралхан Бөкей мен Шерхан Мұртазаны да бере салыпты» деген болатын.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде  дүниеге келген. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы ондаған тілге аударылып, қазақ әдебиетін әлемге танытты. Әуезовтің «Абай жолынан» бөлек, ірілі-шағынды көптеген шығармалары ағылшын, француз, орыс, парсы және т.б. тілдерге аударылып басылған.

 

Алтайдың ақиығы Оралхан Бөкей 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында өмір есігін ашқан. Жазушы – драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты.

Қара сөздің қарагері, шындықтың шырақшысы атанған ақсақалымыз бүгін 85 жасқа толып отыр. Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза – жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның халық жазушысы.  Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылында дүниге келген.

Қатысты Мақалалар