Жыл сайынғы үрдіс бойынша Алматының жоғарғы оку орындары Желтоқсан айының 5 нен бастап тәуелсіздік күніне қызу дайындық бастап кетті, Жоспардан тыс бұл дайындық жоғары оқу оындарының бір талай жоспарын өзгеруге тура келеді. Яғни Тәуелсіздік күні атап өту мен Желтоқсан көтерілісін еске алу шараларының орынына студенттерді тездетіп үйлеріне қайтару дайындығы басталды, бүған бірден бір себеп Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының ректорларына жіберген білім және ғылм министірлігінің вице министр Тахир Балықбаевтың қолы қойылған 2014 жылдың 4 желтоқсанындғы 3-03-2/3099-11 нөмерілі хаты еді.
Хат мәтіні өте шұғыл деп басталып білім алушыларға тәуелсіздік күніне арналған 10 – 17 желтоқсан арасында каникул ұйымдастыруды және емтихан сессиясының кестесін ретке келтіруді тапсырған болатын.
Бұл хат келген бойда бұрынғы 15- желтоқсанға дейін қысытық сессияны аяқтайтын жоғарғы оқу орындары емтиханды 10 желтоқсанға дейін бітіруге өзгеріп бүкіл студенттер мен қызметкерлерді тік тұрғызды. Күніне бірше емтиханнан қойып сенбі, жексенбі демалмай таңғы 8 ден кешкі 8 ге дейін жұмыс істеп бүгін емтихандарын аяқтағандай болды.
Тәуелсіздік күнімзіді ұлықтап демалыс беріп жатса әрине ол бір қуаныш қой. Бірақ, бұл демалыс сол қуанштан гөрі көп күмән туғызады. Үкімет демалыс берсе неге тек студенттерге береді, басқалар қайда қалды, неге тек бұл хатты Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарына жіберіп отыр. Басқа қалалардың студенттеріне берілді ме, бұл бір мәселе. Ал жас ұрпаққа білім мен бірге тәлім берер білім ордаларына неге тәуелсіздікпен желтоқсанды еске алу шараларын өткізіп болған соң барып демалыс бермейді.
Бір қызығы жоғарғы оқу орындарының өкілдері бұл демалысты өздері оқу бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырып отырғанын айтса, Білім және ғылым министірлігінің өкілі : «Студенттерді демалысқа жіберу мәселесіне білім министрлігінің қатысы жоқ, ол – жоғары оқу орындарының ішкі мәселесі» деп түсіндірдіпті. Ал сонда Балықбаевтың тапсырмасы қайда қалды, 15-не дейінгі тапсыратын емтихандар 10-на дейін ауысып, мұғалімдер мен студенттердің мұрынына неге су жетпей жүр?! Азаттықтан Министірлік берген демалысын министірліктің өкілінен бастап жоғарғы оқу орындары да жасырып отыр. Ғылым және білім министірлігі өздері берген демалыстан өзі бас тартқаны қалай? Бұл демалыстың қандай саяси астары бар?
Қазақ 86. Алматы