Қалалық билік өкілдері автобустарда жүру төлеміне байланысты ұсыныс жасады

/uploads/thumbnail/20170930183746988_small.jpg

Қалалық билік өкілдері автобустарда жүру төлемін коммуналдық қызмет есебіне енгізуді ұсынды, —  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  elorda.info сайтына сілтеме жасай отырып. 

Бұл жаңалықтар қалалық көлік жүйесін модернизациялау бойынша ұсынылған BUS/км жүйесіне енгізілген. Бұл жүйе бойынша, жол жүру құнын коммуналдық қызмет есебіне қосу көзделіп отыр. 

"Біз жаңа әрі анық болатын жүйені ұсынып отырмыз. Осы арқылы қоғамдық көлік қатынасынан түсетін ақша ағымын басқарудың ашықтығына қол жеткізе аламыз. Осы арқылы әр үйдің ай сайынғы ағымдағы шығын көлемін 3857 теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің қажетті субсидия көлемін үш есе азайтуға мүмкіндік береді", — деді "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанна Ақжанова.

Оның айтуынша, арнайы жеңілдіктері бар адамдар бұл төлемнен босатылады. Елордалық жүргізушілер қала көшелерінде ақылы тұрақтарға төлем жасау мүмкіндігіне ие болады. 

BUS/км жүйесі жолаушылар тасымалдаудың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 
Жүйені әзірлеушілердің айтуы бойынша, ендігі кезде жүргізуші үшін автобуста қанша адамның болатыны маңызды емес болады. Жүргізуші үшін ең басты мәселе, қозғалыс бағыты мен аялдамалар аралығын сақтау болады.

Қатысты Мақалалар