АҚШ өкілі: Қылмыс жасап отырған Мьянма билігіне қарсы іс-әрекет жасау керек

/uploads/thumbnail/20170930171459881_small.jpg

БҰҰ мінберінде АҚШ өкілі Никки Хейли Мьянма әскерінің іс-әрекетін қатаң айыптап, мәлімдеме жасады,― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

Мьянмадан бас сауғалап қашқан 130 босқын мінген су кемесінің апатқа ұшырап, салдарынан 50 адамның өліміне алып келгенін айтқан Никки Хейли сөзден іске көшіп, бұл жағдайға шара қабылдау керек екенін жеткізді.

«Дипломатиялық сөздер мен құрғақ кеңестің уақыты өтіп кетті. Өз азаматтарына қарсы қылмыс жасап отырған Мьянма қарулы күшіне қарсы іс-әрекет жасау керек», ―  деді АҚШ өкілі Никки Хейли.

Айта кететін болсақ, Бұл АҚШ-тың Мьянма билігіне қарсы жасап отырған алғашқы мәлімдемесі емес. Осыған дейін де АҚШ Мьянма билігіне қарсы қатаң ескертулер де жасаған болатын.  Мәлімдемеде Мьянманың әскерилері мен қарулы күштеріне тікелей айып тағылып, жауапкершілікке тартылуы керектігі баса айтылған.

Қатысты Мақалалар