Алматыда суық су құбыры жарылды

/uploads/thumbnail/20170708160657377_small.jpg

Алматыда әл-Фараби көшесінде суық су құбыры жарылып, салдарынан Фурманов, Ганди, Желтоқсан көшелеріндегі тұрғын үйлер суық сусыз отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. «Нұрлы Тау» кешенін суық сумен қамтамасыз етіп тұрған жерасты су құбырларының жарылысы салдарынан көшеде көлік кептелісі орын алған. Таңғы сағат 7:30 да атқылаған суды сағат 9:00 де залалсыздандырған. Жөндеу жұмысына жұмылдырылған бригада сағат 15:00-ге дейін құбырларды қалпына келтіріп үлгеретіндерін мәлімдеп отыр.

Қатысты Мақалалар