Бүгін ақпарат саласындағы ортаңқол шенеунікпен сөзге келіп қалдым. Әлгі бишара ызвандап, "Айеке, көрші елдің президенті Путинге қатысты тым қатты айтып жатырсыз. Жұмсартуға болмайды ма?" дегендей "тәрбие әңгімесін" жүргізгісі келген болуы керек... - Ей, шшсгн, ол менің президентім емес, қазақтың екі туып бір алғаны емес. Кімнен қорқасыңдар осы? Қажет десеңдер, ресми тыйым салыңдар. "Тұңғыш Володя туралы" деген заң қабылдап, оны балағаттауға болмайды десеңдер, ойланайын, - деп біраз айтып-айтып тастадым. Не болып барады біздің шенеуніктер? Өзінің президенті жайына қалды...
(Айдос Сарымның фейсбуктегі парақшасынан)