Мектеп балаларына қуыршақпен қарғыс тілеген ер азамат ұсталды

/uploads/thumbnail/20171003143652957_small.jpg

Жапонияның полиция қызметкерлері Токиодағы мектептердің біріне жақын көпірге сабан қуыршақты іліп, оған қауіпті жазу қалдырған ер азаматты ұстады,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мұндай әрекетке барған ер азаматтың айтуынша мектеп оқушылары өте қатты шулайды екен.

Жапонияда «варанинге» деп аталатын қуыршақты 26 қыркүйекте «Эдогава» мектебінің маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған көпірден тапқан. Ал оған жабыстырылған хатта былай деп жазылған: «Осы жерден секіріп өліңдер, оңбағандар!».

Оны жазған ер адам 41 жастағы Такеши Инаба болған. Ол оқушылардың шуына шыдай алмай осы әрекетке барғанын мойындаған. Осыған дейін ол мектеп басшылары мен ата-аналарға шуды тоқтату туралы 30-ға жуық хат жазған. Оған қоса, ол жүрген жеріндегі қоғамдық орындықтарға «балалардан өте қатты шу естіледі» деген жазу қалдырып жүрген. Такешидің бұл қылығы үшін полиция қызметі «заңсыз жолмен қысым көрсетті» деген жала жабуы мүмкін немесе оны психикалық тексеруден өткізуі ықтимал.

Қатысты Мақалалар