2 қазанда әлеуметтік желіде Мекке қаласында болған түсініксіз оқиғаның видеосы жарияланды, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл видеода Қағбаның жаны қызыл қанға боялғандығы көрсетілген.
Кей деректерге сүйенсек Қағбаның жанында жер жарылып, қан атқылапты. Алайда бұл әзірге болжам ғана. Ал кей адамдардың айтуы бойынша, Қағбаның жанында бір адам құлап, жарақаттанған көрінеді. Бұл сол сәтте түсірілген видео болуы да әбден мүмкін. Бұл оқиғаға қатысты нақты ақпарат әзірге жарияланбады.