Сіз ақша жинаудың ең үздік тәсілін білесіз бе?

/uploads/thumbnail/20170804174854518_small.jpg

Ең қарапайым тәсілі әр кеш сайын ақшаңыздың қанша қалғанын есептеңіз. Және оны екі есе нөлге айналырыңыз. Түсінбей қалдыңыз ба? Ендеше тыңдаңыз! Мысалы: Сіздің әмияныңызда 5 235 теңге бар.  Ал банк карточкаңызда 20 455 теңге бар. Бұл ақшаның соңғы екі санын нөлге айналдырамыз. Яғни 35 теңге мен 55 теңгені алып ақша жинайтын қорапшамызға немесе банктегі депазитімізге аударып отыру керек. Жалақы алған кезде оны бірнеше есеге арттырып отыруға болады. Мысалы 112 950 теңғе алсаңыз оның 100 000 ғана қалдырып, 12 950 теңгесін қорға салыңыз, деп жазады tirshilik-tynysy.kz.

Бұл әдістің пайдасы:  Күн сайын таңертең біз өзімізде қанша ақша бар екенін біліп отырамыз және оның неге жететінін болжай аламыз. Өзіміздің кіріс шығысымызды түгендеп, бос нәрсеге ақша шашпауды үйренеміз! Қордағы ақшамыз күн сайын артып отырады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар