Бердібек Сапарбаев 17 млн. теңгеге салынған жаңа жолды сынады (фото)

/uploads/thumbnail/20171007105621932_small.jpg

Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев су қоймаларын аралауға шыққан кезде жаңа жолдың сапасын сынады, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бір шақырымдай болатын қашықтыққа 17 млн. теңгеге жол салғызғанын мақтанышпен айтқан шенді əкімнен сөгіс алды.

«Мынау жол ма? Бұл ертең-ақ шашылып қалады. Қараңдар, мынау жарамайды. Менің аяғыммен басқанның өзінде үгітіліп жатыр», — деді Бердібек Сапарбаев.

Əкім жолдың сапасын  қолымен ұстап та көрді.

Су шаруашылығы мекемесінің директоры Бекзат Наметов болса жолдың сапасы қалыпты деп айтудан танбады. Ақтөбедегі су шаруашылығын 30 жылдан бері басқарып келе жатқан басшы жаңа жолмен машина жүрмейтінін де айтты, алайда Беодібек Сапарбаев оның сөзіне сене қоймады.

«Бұл жол осылай тұрады. Машина жүрмейді, тек адам жүреді. Бұл жолдан тек жеңіл машиналарды ғана өткіземіз», — деді Ақтөбе су шаруашылығы мекемесінің директоры Бекзат Наметов.

Бердібек Сапарбаев

Бердібек Сапарбаев

Бердібек Сапарбаев

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар