АҚШ-тың Флорида штатының бұрынғы губернаторы Джеб Буш өзінің 2016 жылғы Президент сайлауына кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Джеб Буш халықты Рождество мен Хануки мерекелерімен құттықтап, өзінің Facebook парақшасында жазған болатын. «Біз отбасы мүшелері болып еліміздің болашағы жайлы ойландық. Талқыланған мәселелер мен қазір Американың мықты жетекшіге мұқтаждығы себепті алдағы жылғы сайлауға қатысамын деген шешім шығардым»,-деп жазыпты. Джеб Буш 1953 жылы Техаста туылған. Ол сегіз жыл ( 1999-2007 ) Флорида штатының губернаторы болған. Егерде Джеб Буш алдағы сайлауда жеңіске жететін болса онда Буш әулеті Америка тарихындағы тұңғыш бір әулеттің әр жылдары ел басқарған өкілдері ретінде енбек. Джордж Буш бірінші 1989 – 1993 жылдарда, ұлы кіші Джордж 2001-2009 жылдар аралығында АҚШ-тың бірінші адамы болған.
Пікір қалдыру