Ресейлік қарақшылар қазақтарды тонап жүр

/uploads/thumbnail/20170708160855799_small.jpg

 Ақтөбелік жүргізушілер Ресейлік рэкеттердің үстінен шағым айтады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды. Рубльдің құнсыздануы Қазақстандықтардың Ресейден пәтер мен көлік сатып алу көрсеткішін ұлғайтып отыр. Орынборлық «Регион» телеарнасының мәліметіне сүйенсек бір ғана «Автоград» салонынан сенбі күні Қазақстандықтар 200 автокөлік сатып алған. Бірақ төмен бағаға алданып «тәуекелге» бел байлауда қауіпті. Жол бойында кездесер келеңсіздіктердің басы белгісіз біреулердің көлігіңді тартып алумен басталады. Сорақысы ұрып-соғуға дейін баратын көрінеді.

«Д» катергориялы көлік жүргізу куәлігі бар Қазақстандық Владимирдің айтуы бойынша қарақшылар түсі сары транзиттік номермен жүреді екен. - Әдетте, тоқтатқанда қарсыласпасаң , көлігіңді алады да, тиіспей жүре береді. Қарсыласып, қашпаққа ниеттенсең ұстап алып таяқтың астына алады. Ол жерде шағым айтып кімге барасың? Сатып алған көлігің не Ресейде не Қазақстанда тіркелмеген,-дейді. Ең қауіпті өткел Самара-Толятти күре жолында. Мұнда қарақшылықпен ағымдағы жылдың жаз айларынан бастап айналыса бастады,-дейді Владимир. -Мені тоқтатқанда, қарсыласпай көліктен түсуімді сұрады. Жолдан аман өтуімің кепілі 2000 рубль екенін де ескертті. Амалсыз сұрағандарын бердім. Бір қызығы аталмыш қарақшылар менің қандай тауар алып келе жақанымды алдын ала біледі екен. Қазақстандықтарға айтарым жолда жүргенде абай болғандарыңыз абзал,-дейді. Ақтөбе облысында осы жайттар жайлы сөз тарағанымен, ресми түрде ешкім шағым айта келмепті. Ақөтөбе облыстық ІІД Ресейдің ІІМ-нің баспасөз орталығына осы жайттармен сауал жолдағанда, шет елдік БАҚ-қа жағдайды 2 аптадан соң жариялаймыз деген жауап алады. Әзірге рубльдің құнсыздануы көрші елде «ескі» кәсіпті жандандырып тұр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар