Жапонияда қардың шамадан тыс мөлшерде түскені себепті 9 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Қаза тапқандардың басым көпшілігі ауладағы қарды тазалап жатқан кезінде оқыс оқиғаға тап болған. Токамати қаласында егде тартқан кісі үй төбесін үйілген қардан тазаламақшы болғанда шатырдан құлап кеткен. Оқиға орнында қаза тапты. Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше қар биіктігі 1,6 метрден 2,4 метрге дейін жеткен. Жер үй тұрғындары жауған қардың толастағанын күтпестен үй шатырын омбы қардан аршуға мәжбүр . Себебі үй шатыры ауыр салмақтағы қарды көтере алмайды. Осындай тазалық барысында Акита қаласында бір әйел қаза тапты. Тояма қаласында 29-жастағы өрт сөндіру қызметкері омбы қарды тазаламақ болғанда оппа қарға түсіп кетіп қаза тапты. Ауа қысымының сейсенбіден сәрсенбіге қараған күні күрт төмендеуінің аяғы дауыл мен толлассыз жауған қарға ұласқан. Жапонияның солтүстік аудандары мен Жапон теңізі жағалауындағы елдімекендер орталық және батыс аудандары зардап шегіп отыр. Электр энергиялары мен көлік қозғалысы тоқтатылып уақытша мектептер жабылды.
Пікір қалдыру