Қытайдағы Apple компаниясының жұмысшылары шағым айтты

/uploads/thumbnail/20170708160913928_small.jpg

Қытайдағы Apple компаниясының жұмысшылары басшылық бекіткен еңбек тәртібі мен жұмыс жағдайына наразы. Бұл туралы BBC News хабарлайды.

Осы жағдайдың анық-қанығына жету мақсатында BBC News арнасының тілшісі жасырын журналисттік зерттеу жүргізген. Қарапайым жұмыскер ретінде компанияға орналасып демалыссыз 18 күн бойы еңбек етеді. Еңбек күнінің ауырлығы сондай қызметкерлер жұмыс орнында ұйқыға кететін болған.

Жұмысшылар 12 сағат кезекпен еңбек етеді екен. Кей күндері жұмыс күні 16 сағаттан да асып отырған. Тілшінің айтуы бойынша жұмысшылардың шаршағаны сонша тұрып тамақтануға да әлің келмейтін көрінеді. Бар арманың жарты сағат жантаю ғана болады,-дейді. Бірақ компания бұл шағымдармен келіспейді екен. Басшылықтың айтуы бойынша Apple компаниясының жұмыскерлеріне жасайтын жағдайын басқа әріптестік компаниялары көрсетпейді екен. 2010 жылы Apple тауарларын тасымалдаушы Foxconn компаниясында да жағдайдың жайсыздығынан 14 қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған болатын.

Қатысты Мақалалар