Ақын Ләззат Игісіннің шығармашылық кеші өтті

/uploads/thumbnail/20170708160912474_small.jpg

18 желтоқсан Алматы қаласындағы Эсперензаның салтанатты сарайында ақын Ләззат Игісіннің «Сол бір дәурен» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш барысында «Менің ойымша» атты кітабының тұсаукесері болды. Ақындар Серік Қапшықбай, Иран Ғайып, Жәркен Бөдеш, жазушы Қабдеш Жұмаділов, алғашқы ұстазы Қадишав апай, журналист Жаңыл Әпетова ханым жаңа кітаптың лентасын қиып, оқырманға ұсынды. Иран Ғайып мырзаның оқыған өлеңі залды сілтідей тындырды. Алыстан ат басын бұрып, Атамекенге қоныстанған қандастарына жүрекжарды сөзін жеткізді. Л. Игісіннің шығармашылығы туралы Д. Байтұрсынұлы қысқаша баяндама жасады. Сөз алған К. Елемес, Ж. Табын, Н. Мұхаметхан секілді аузы дуалы ағайындар ойға қонымды, орынды пікірлерімен есте қалды. Ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. «Әулеттің алтын анасы» деген алтын алқа таққан ақын халықаралық Түрсойдың құттықтауымен қуаныш бесігінде тербетілді. С. Нұғман, Е. Мәтқабыл Е. Нұрбай, Б. Бәміш, Е. Кәпқызы, А. Ахмади, М. Құнапия, М. Шаймаран, Т. Тынысбек қатарлы қаламгерлер кеш шырайын аша түсті. Кешке демеушілік жасап, кітаптың жарық көруіне үлес қосқан кәсіпкерлерге жұрт ризашылығын білдірді.

Дәулетбек Байтұрсынұлы, Facebook парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар