Бақытжан Сағынтаев Ереваннан кейін, бірден Ақтауға ұшып келді

/uploads/thumbnail/20171026104045875_small.jpg

Премьер-Министр Ереван қаласында (Армения) өткен ЕҮАК жұмысына қатысқаннан кейін Ақтауға ұшып келді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметіне сүйене отырып жазады. 

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары аясында өңірдің жұртшылығымен және активімен облысты дамытудың өзекті мәселелері бойынша, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелерімен шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі бойынша кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Бұдан өзге, ҚР Премьер-Министрі Құрық ауылындағы паром кешенінің жұмысымен және кешеннің екінші кезеңінің құрылыс барысымен танысады, онымен қоса әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралайды.

Облысқа келген бойда, 25 қазан күні кешке, Бақытжан Сағынтаев Ақтаудың шағын аудандарының бірінде «Жаңа Серпін» өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында тұрғызылған жатақханаға барды. Аталған бағдарлама жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, жұмыссыз халықтың еңбекке жұмылуына жәрдемдесуге бағытталған.

Қатысты Мақалалар