Алматыда үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсаты бар нысандар белгілі болды

/uploads/thumbnail/20171026113105206_small.jpg

Алматы прокуратурасы үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсат берілген нысандардың тізімін жариялады.

Үлескерлердің құқығын қорғау мақсатында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңы  қабылданды. Заң нормалары үлескерлердің құрылыс барысындағы құқығын кепілдендіруге бағытталған. Аталған заңға сәйкес, енді құрылыс компаниялары әкімдіктің арнайы рұқсатымен ғана үлескерлердің қаржысын тарта алады.

Сондай-ақ құрылыс компаниясы тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының жобасына қатысуы шарт. Өйткені, бұл қор құрылыстың аяқталатынына кепілдік береді.

Прокуратура өкілдері азаматтарға кез келген құрылысқа үлескер болуға болмайтынын ескертіп отыр.  Ең алдымен, үлескермен типтік келісім жасалуы керек. Бұл құжаттар болмаған жағдайда мәміле заңсыз деп танылуы мүмкін. 

Мұндай құжаттар тек 11 құрылыс нысанында бар:

  • «Егізбаев 7 «А» мекенжайы бойынша 12 қабатты үй (9,10 нүкте). Өкілетті компания - «Astana Realty Plus» ЖШС, мердігер - «Мереке НС» ЖШС; 
  •  Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (20 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігіндегі «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан;
  • Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (21 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігіндегі  «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан;
  • Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (22 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігіндегі  «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан;
  • Бостандық ауданы Ерменсай ш/а, 6- көше 25 учаскеде «Градстройинвест» ЖШС өкілеттілігіндегі «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан; 
  • Медеу ауданы, Әйтеке би, Қазыбек би, Бәрібаев пен Қайырбеков көшелерінің шаршысындағы «Concrete Engineering Company» ЖШС құрылыс компаниясы салып жатқан «Alan Reality» ЖШС өкілеттілігіндегі нысан; 
  • Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (27 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан; 
  • Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (28 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігін«БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан; 
  • Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (29 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігіндегі  «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан; 
  • Алатау ауданы Айнабұлақ шағын ауданындағы, 1-көше, №43 учаскеде (38 нүкте) «Строй Комфорт Девелопмент» ЖШС өкілеттілігіндегі  «БАЗИС-А» корпорациясы» ЖШС салып жатқан нысан; 
  • Бостандық ауданында  «AST Partners» ЖШС салып жатқан «AST Investment Group» ЖШС өкілеттілігіндегі нысан.

Қатысты Мақалалар