Алматыда «ЕО шағын моделі - 2017» интерактивті ойыны болып өтті

/uploads/thumbnail/20171027142203613_small.jpg

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің және Қазақ-неміс университетінің отыздан аса студенті адам құқықтары бойынша «ЕО шағын моделі - 2017» интерактивті ойынына қатысты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттгі Қазақстандағы ЕО өкілдігіне сілтеме жасап.

Іс-шара Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілдігі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірге ұйымдастырылып, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы адам құқықтары бойынша медиа науқаны аясында өтті.

«ЕО шағын моделі - 2017» ойыны барысында қатысушы-студенттер ЕО елдері мен Қазақстанның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және туризм салалары) тақырыбында ынтымақтастық мәселелерін қозғайтын дипломаттардың рөлдерін сомдады.

Ойынның негізгі мақсаттары студенттердің сараптамалық қабілеттер, бұқара алдында сөйлей білу және келіссөздер жүргізе алу дағдыларын арттыру, зерттеу жүргізудің әдiстері және техникасымен таныстыру, олардың жалпы ой-өрістерін кеңейту, сондай-ақ адам құқықтарының басты құндылықтарын насихаттау болып табылады.

Іс-шара ұйымдастырушылары ойын соңында барлық қатысушыларды түрлі сыйлықтар мен сертификаттармен марапаттап, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар ұсынды.

Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы, елші Траян Христеа мырза:  «ЕО адам құқықтарын насихаттауға әрі қорғауға ұмтылады. Біз Қазақстанмен адам құқықтары туралы пікірталастарға түрлі форматта қатысуды жалғастырып келеміз. Бүгінгі студенттік ойын осындай пікірталас алаңдарының бірі болып табылады. Студенттердің бүгін көрсеткен адам құқықтары мен бостандықтары бойынша жоғары білімдерін құптаймыз», - деп атап өтті.

Аталған шара Қазақстандағы ЕО өкілдігінің #EU4HumanRights хэштегі аясында ұйымдастыратын адам құқықтарына арналған медиа-кампаниясының алғашқы іс-шарасы болып табылады. 

Қатысты Мақалалар