Фашистердің тұтқыны, одан кейін ГУЛАГ: 25 мың қазақтың ауыр тағдыры (видео)

/uploads/thumbnail/20171028135757908_small.jpg

Қазақ тарихшылары Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұрағатта фашистік және советтік лагерде болған қазақстандықтар туралы ғылыми жинақ шығарып, көрме ұйымдастырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі currenttime.tv-ге сілтеме жасап. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, кейіннен тыңшы деп айыпталғандар туралы да айтылады. 

Нұрлан Сейітов Ұлттық 106 дивизиясының капитаны Нұрхан Сейітовтың баласы. 1942 жылы 106 дивизиясы неміс қолына түседі.  Соғыс аяқталғаннан кейін барлығы тыңшы деп айыпталып өлім жазасы кесілді. Бірақ шешімді 25 жылғы бас бостандығынан айыру шешіміне өзгертіледі. Нұрхан Сейітов лагерде қайтыс болды. Нұрхан Сейітовтың туыстары оның ақталуы үшін 20 жыл бойы күресіп келеді.

«Туыстарымыз әкемнің ауыр тағдыры туралы білгенде бізден теріс айналды. Мен Алматыға, Мәскеуге әкемді ақтау үшін хат жаздым. Жауабы бір – Халық жауы» дейді Нұрхан Сейітовтың баласы Нұрлан Сейітов.

Ресми статистикаға сай, 1946 жылы Совет үкіметіне тұтқында болған 25 мың қазақтың ісі тапсырылған. Олардың ісі түрлі мұрағаттарда жатыр. 1950 жылдары оларды ұзақ мерзімге қамауға алған. Көп жылдар бойы мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мұрағатында жұмыс істеген тарихшы Қайдар Алдажұманов көбін Британияның тыңшысы болған деп айыптағанын айтады. Оның ағасы да дәл сондай жағдайды бастан өткерген.

16 жасында Жанкен Алдажұманов соғысқа аттанды. Неміс тұтқынында болған, соғыстан мүгедек болып қайтып келді. Оны 1955 жылы 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шықты. 3 жылдан кейін лагерден туыстарына хат келген. Онда Жанкен Алдажұмановқа ағылшындардың тыңшысы болған деген айып қосылғаны туралы жазылған.

Конференцияда Дина Иксатованың ғылыми жұмысы таныстырылды. Онда фашистік лагерде тірі қалып, кейін сатқын ретінде советтік лагерге түскендер туралы фото, түрлі құжаттар бар. Дина құжаттарды іздеумен 10 жыл бойы айналысып келеді.  

Қатысты Мақалалар