Сауда Арабиясының ханзадасы Мұхаммед ибн Салман болашақ қаласының салынатынын мәлімдеді. Жаңа қаланың аты «Неом» болмақ. Бұл қала Арабия шөл даласында Қызыл теңіз жағалауында салынады деп хабарлайды Моя планета.
Осы мақсатта мемлекет билігі 26 500 км² құрғақ жер бөлген. Бұл Мәскеу қаласынан 10,5 есе үлкен аумақ. Болашақта бұл қала Мысыр мен Иордания жерлеріне дейін жетеді деп жоспарлануда.
Қала барлық заманауи инновациялық технологиялық мүмкіндіктерге ие және қалада адамдарға қарағанда роботтар көбірек болады деп мәлімделді. Энергияны тек табиғи жолдармен: жел, күннің көзінен алып, қоғамдық көліктер тек электр энегриясы арқылы қолданылатын болады.
Қала құрылысына қаражатты тек Сауд Арабиясы ғана емес, шетел инвесторлары да салады екен. Мәселен, Жапонияның SoftBank Vision фонды инвестор болмақ. Қала құрылысына кететін қаражат $500 млрд деп белгіленген.
Қаладағы барлық қызметтер автоматтадырылған болады деп күтілуде.
Washington Post бұл қаланы «Роботтарға арналған Мекке» деп атаған. Қала америкалық телевизияда жарнамаланып үлгерген..