29-шы қазанда Алматының Медеу ауданында нөмірі 12-ші қоғамдық көлігінде төбелес орын алды. Бұл факт сотқа дейінгі ҚР қылмыстық кодексінің 293 бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары басталғалы бері екі азамат ұсталды, олар: 1987 жылы туылған автобус жүргізушісі мен 1994 жылғы кондуктор. Қазіргі кезде олар сұраққа алынды,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Медеу ауданының ішкі істер басқармасының басшысы Болат Тотыбаевтың айтуынша: «Бұл төбелестің себебі кондуктор мен жолаушылардың арасында болған жанжалдан туған болса керек».