«Мәңгілік ел» патриоттық актісі – берік тұрақтылық негізі

/uploads/thumbnail/20171103173420440_small.jpg

 Кез келген тәуелсіз мемлекеттің алға қойған мақсаты мен жоспары болмаса, ол елдің алдағы болашағын елестету мүмкін емес. Бүгінге дейін Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында еліміздің дамуы үшін жасалған бағдарламалары мен жоспарларын ел болып бірігіп, жұмыла іске асырылып келеді. Сол жоспардың бірегейі ұлттық идеямыз – «Мәңгілік Ел» болып табылады, -деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы; жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы президент жолдауының «Ұлт Жоспары-100 нақты қадам» бағдарламасы ұлттық идеяны жүзеге асырудың айқын жолы деуге болады.

Маңызды құжаттың тағы бір тоқтала кететін айрықша тұсы - ақпараттық техногияларды қолдану. Озық технологияларды енгізуде сот жүйесі жолбасшылық тізгінін бекем ұстап келеді. Бұл сот жүйесінің ашықтығын айшықтап, қарапайым халықтың қолжетімділігін арттыра түседі.

Қазақстанның мемлекет болып нығаюы, зайырлы қоғам болып жетілуі, біртұтас ұлт болып есеюі жолында, еліміз маңызды қадам жасады. Бұл қадам – келешектің белгісі, әрбір жеке адамның  өміріне ықпал жасайтын, мемлекет пен қоғамға берері көп тарихи қадам. Осы тарихи мүмкіндікті тиімді пайдалануға жол ашатын басты белгі – еліміздің бірлігі. Ел бірлігіне бастар азаматтардың бойына патриоттық сезімді дарыту осы мақсатта жүйелі жұмыс атқаруды қажет ететіндігі хақ.

Осы орайда, елдегі тұрақтылықты одан әрі асқақтату мақсатында 2014 жылы Президент Н.Назарбаев Қазақстан жолы – 2050 «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Мәңгілік ел патриоттық актісін әзірлеуді тапсырды. 2015 жылдың 5 қазанында өткен Қазақстан Патриоттарының форумында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің жобасы тұтастай мақұлданып, құжат мемлекеттік органдармен келісіліп, арнайы сараптамадан өткізілді. Құжат жобасы жан-жақты талқыланып, 2016 жылы Қазақстан халық ассамблеясының сессиясында қабылданды.

Елбасы «Мәңгілік Ел» идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам» атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды. Мұндағы «Біртектілік пен бірлік» реформасы бойынша «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел − үлкен отбасы» жобалары мен азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің Елім» және «Нұрлы болашақ» ұлттық жобаларын әзірлеп жүзеге асыру көзделген.

Аталмыш құжатта Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті құндылықтар ұсынылған. Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік, Бейбітшілік пен келісім, Зайырлы мемлекет және жоғары руханият, Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы, Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Осы жеті құндылықтың 2-тармағына сәйкес Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында айтылған «2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы». Осы бағдарлама нәтижесінде біз еліміздің тыныштығын нығайтып, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбилеп, діни қарым-қатынас саласындағы радикалдық көзқарастардың алдын аламыз. Бұл жоғарыда айтылып кеткендей, «Мәңгілік Ел» – Қазақстанымызды ата-бабамыздан қалған құндылықтарымызды дәріптеп, конфессиялық ынтамақтастық пен бейбітшіліктің отаны етуіне өз септігін тигізеді.

 «Мәңгілік ел» патриоттық актісі ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея. Идеяның негізгі философиясы, дамудан жаңылмау, өзгеруге ұмтылу. Қазақта ата-бабамыздан келе жатқан «50 жылда ел жаңа» деген сөз бар. Яғни 50 жылда адам санасы өзгереді, ал адам санасы айналадағы саяси, әлеуметтік, экономикалық өмірге байланысты. Міне тәуелсіздік кезеңінде өмір сүріп 26 жыл ішінде өмірге деген көзқарас жаңадан қалыптасып келе жатыр, осы тұрғыдан алсақ бүгінгі жастардың креатизмі мен тәуелсіздік алғанға дейін азаматтардың патриотизм деген ұғымға көзқарас әр түрлі. Олай болатын болса патриоттық акті қабылдануы, санасы жаңа азаматтардың ұғымына сәйкес мәңгілік елдің мәнін жеткізіп түсіндіру болатын.

Осыған байланысты қазір ел бірлігін сақтап қалу үшін ұлттық идеямыздың мән-мағынасын балабақшадағы бүлдіршіндерден бастап мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне дейін жете жеткізу үшін кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. «Мәңгілік Ел» болу үшін «ел болам десең, бесігіңді түзе» деген М.Әуезовтың қанатты сөзін ескеруіміз керек, яғни жарқын болашаққа жетелейтін қазіргі жастар бабаларымыз аңсап өткен  тәуелсіздіктің туын биікке көтере білуі тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, еркіндікті қалай аңсап-қадірлегенін естен шығаруға болмайды. Жастар сондай ұлы бабалардың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «Тәуелсіздік», «Мәңгілік Ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлесе ғана жарқын болашаққа қол жеткізеді.

Қатысты Мақалалар