Астанада ERG Инноваторлар форумының қатысушылары виртуалды «саяхат» жасады

/uploads/thumbnail/20171103205154188_small.jpg
Екінші ERG инноваторлар форумының қатысушылары конференц-залдың аумағынан шықпай-ақ, барлық инфрақұрылымы толықтай көрсетілген, шынайы деп атауға келетін Соколов-Сарыбай кен орнының Қоржынкөл карьерының виртуалды моделіне «саяхат» жасады. Осындай ерекше әдістің көмегімен қойылып отырған міндеттерді шешу, өнідірістегі жаңа шешімдерді енгізу және нәтижені көрнекі жолмен бақылау ұсынылды,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 
 
«Бұл тек біздің компанияның ғана емес, қорықпай, батыл түрде айта аламын, бүкіл елдің тарихы үшін толықтай жаңа тренинг болып отыр. Осы шара үшін біз қолданған технологиялар, яғни толықтырылған шынайылық көзілдірігі қызметкерлерді оқытудың жаңа процесін игерудегі алғашқы қадам болады деп үміттенеміз», - дейді Еуразиялық Топтың операциялық тиімділік жөніндегі директоры Александр Сорокин. 
 
Екінші ERG инноваторлар форумының ұйымдастырушылары теориямен шектелмей, жаңа технологиялардың мүмкіндігін іс жүзінде де көрсетуді ұйғарыпты. Виртуалды карьер – төртінші өндірістік революция алып келетін аздаған мүмкіндіктердің бірі. 
Төртінші өндірістік революцияның тау-кен секторы үшін не беретіні және қандай болашақ күтіп тұрғаны форумның басты тақырыбына айналды. 
 
«Бүгін біз барлық жерде цифрландыру, роботтандыру, жасанды сана, индустрия 4.0 туралы естимыз, бұл өзекті мәселе, уақыттың талабы және еліміз үшін де, біздің индустрия үшін де үлкен маңызға ие», - деп атап өтті форумның панельді сессиясында сөз алған инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министр Алик Айдарбаев. 
 
Бұл – форумда таныстырылған көптеген практикалық мүмкіндіктердің бірі ғана. Бірінші рет аталған шара аясында қала мәселелерін шешу бойынша Еуразиялық Топ қызметкерлерінің идеясын жинаған әлеуметтік жаңашылдықтың байқауы өтті. «Hackathon: upgrade» қатысушылары бұл жылы нақты өндірістік нысанды оңтайландыру үшін жұмыс істеді. Әрі көңіл көтеретін, әрі пайдалы дүние ретінде қатысушыларға тұңғыш ERGigitGo! корпоративтік мобильді ойыны тестілеуге ұсынылды. Атақты покемон ойынындағыдай ойыншылар ERG қызметкерлерінің ортақ бейнесі ретіндеі анимациялық кейіпкер Ержігітті іздеді. Ең ақылды әрі епті қатысушыға естелік сыйлық және Ержігітпен фото бұйырды. 
 
Барлығы форум аясында 50 шақты инновациялық жоба таныстырылды, бұл бірінші ERG инноваторлар форумындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2,5 есе артық.

Қатысты Мақалалар