Атырау облысы Исатай ауданының Жаңабай ауылы маңында Каспий теңізінің жағалауындағы рейдттік тексеру шаралары кезінде ірі көлемдегі бекіре балықтары тәркіленді,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Хабар телеарнасына сілтеме бере отырып жазады.
Бұл бағалы балықтардың салмағы шамамен жарты тоннадан асуы мүмкін. Қазір мамандар заңсыз ауланған балықтардың салмағын өлшеп, қандай жолмен ауланғандығын анықтау үстінде.
Әзірге белгілісі, қайықпен бірге қолға түскен 4 адам ішкі істер органдарына жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Данияр Баймағамбетов, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
– Таңғы сағат сегізге жуық Солтүстік Каспий жағалауынан 200 аттың күші бар қос мотор орнатылған аса қуатты қайықты ұстадық. Қайықтағы төрт адамның барлығы да жағалауға жақын орналасқан Жаңабай ауылының тұрғындары болып шықты. Қайық ішінен аулауға мүлде тыйым салынған бекіре балықтарын тәркіледік. Браконьерлерден барлығы 304 дана бекіре балығы шықты.
Пікір қалдыру