Қырғызстаннан келген жемістерден құрт шығып жатыр

/uploads/thumbnail/20171107102146707_small.jpg

4-5 қарашада Қордай мен Жамбыл облысындағы Жамбыл аймағына жүргізілген фитосанитарлық тексеріс кезінде Қырғызстаннан келген 47,9 тонна құрманың ішінен Комсток құрты және 20 тонна кепкен жемістерден шығыстық жеміссабақ шықты,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Еуразиялық экономикалық одақтың ережелерін бұзғандығы үшін аталмыш өнімдер Қызғызстанға кері қайтарылды.

Карантиндік, санитарлық тексеріс басталысымен Қырғызстаннан келген тауарлардың ережеге сәйкес келмеуі туралы болған жағдай осымен 21 рет қайталанды. Оның 14 жағдайында Комсток құрты табылған.

Комсток құрты – өсімдіктердің 300-ге жуық түрін зақымдайды. Егер ол балаласа, өнімдердің салмағы азайып, жиналған астықтың 50%-ы жарамсыз болып қалады.

Шығыстық жеміссабақ – жемістердің тұқымын зақымдап, оларды 90-100%-ға дейін жарамсыз етеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар