2017 жылдың 13 қарашасында сағат 9.30-да Тараз қаласы, Төле би даңғылы 75 мекен-жайында орналасқан «Арай Плаза» қонақүйі, «BRONZE» залында «Ancient Taraz - 2017» Халықаралық туристік форумы мен халықаралық көрменің ашылуына арналған баспасөз-конференциясы өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны ұйымдастырып отырған Жамбыл облысы Әкімдігінің кəсіпкерлік жəне индустриялық-инновациялық даму Басқармасының «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы».

Халықаралық форум Еуропа, Қытай, Түркия, Солтүстік Кипр, Әзірбайжан, Ресей, Орталық Азия елдерінің іскерлік топтарының 350 астам өкілдерінің, сондай-ақ, жетекші сарапшылардың, мемлекеттік органдар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Тараз қ. Әкімдігінің, туризмнің аймақтық басқармасының, ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасының, қазақстандық және халықаралық туристік қауымдастықтардың өкілдерінің, туристік және қонақүйлік нарық қатысушыларының, ЖОО, колледждер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қоспақ.