Коррупция мен арақ болмаса...

/uploads/thumbnail/20170708161256387_small.jpg

Қазақстан территориясы жағынан әлемнің ең үлкен 9-ншы мемлекеті. Өзінің алдындағы 8 мемлекетті (Ресей, Антарктика, Канада, Кытай, Бразилия, Австралия, Үндістан, Аргентина) зерттеп қарасақ (мысалы Ресей), негізінде көбі басқыншылықпен басқадан тартып алған. Осыған сүйенсек, Қазақстан негізінде әлемде территориясы жағынан ең үлкен алғашқы 5 елдің қатарына кіреді екен. Мұнда ешкімнің дауы жоқ. Мұншама үлкен территорияны сақтап қалуымыздың ең үлкен себебі - біздің қанымыз

таза, бізде бұра тарту, жан- жаққа қашу, таққа қырқысу, өз баласын буындырып өлтіру болған емес, тұтаспыз. Қала берді, отбасы құрғанда "жеті ата" заңдылығы деген тұнып тұрған философия, әлемде теңдесі жоқ медициналық жаңалық. Қазіргі медиктер түкке тұрмайтын бірдеңе ашса, шу- шу етіп Нобель алып жатады ғой. Ал, біздің аталарымыз қанды таза сақтап калуда, дені сау ұрпак өрбітуде әлем деңгейінде үлкен жаңалық ашкан екен, шынымен-ак. Біздің тіліміз де таза... Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан деген 4 облыс болса да, тілімізде ерекшелік жоқтың қасы. Қанның таза болуы ұлттың қауіпсіздігі жағынан да маңызды. Туысқан түркі елдерінде өз туыстарымен үйленетіндер өте көп. Балаларында психологиялык ауытқу, кемтарлық. Оларды әлеуметтік жағынан қамтамасыз етудің өзі үлкен экономикалық қаржыны қажет етеді. Біздің қазіргі ең үлкен жауымыз: коррупция мен арақ. Осы екеуінен құртылсақ, келешегіміз шынымен нұрлы болады... P.S. Бүгінгі "Нұр" сөзіне қатысы жок. Жүрегімнен шықты. (Алмагүл Исинаның фейсбуктегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар