Алматыда «Назарбаев моделі» кітабының тұсауы кесілді

/uploads/thumbnail/20171117173440153_small.jpg

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Назарбаев моделі» ғылыми конференциясы өтті. Конференция ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі білім беру және мәдени-ағартушылық көрме жобасы аясында ұйымдастырылды.

Аталмыш коференция барысында «Назарбаев моделі» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді. Авторлардың айтуынша, кітапта оқиғаларды талдау барысында заманауи басқару мектебінде көпшілікке танымал «Кейс әдістемесі» бірінші рет кеңінен қолданылған. 1921 жылы гарвард университетінің бизнес-мектебінде әзірленген кейс - саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдегі нақты проблемаларды талдау және тәжірибелік басқару шешімдерін дайындауға бағытталған интерактивтік оқыту техникасы. Яғни, кітапта қазақстандық күре жолдың негізін қалаған еліміздің тұңғыш президентінің басқару шешімдері яки алгоритмдері нақты оқиғалармен және мысалдармен ашылады. Кітап ғалымдар, саясаттанушылардан бастап мектеп оқушысына дейін түсінікті әрі қызықты болмақ дейді мамандар.

Коференцияның ашылуында сөз сөйлеген Алматы әкімінің орынбасары «Назарбаев моделінің» ерекшелігіне тоқталды.

«Назарбаев моделі» дегенде ең алдымен, конфессияаралық, ішкі саясаты, тұрақтылықты айтамыз. Екіншіден, осы ішкі саяси тұрақтылық елімізге, Елбасына өте қарқынды түрде саяси, экономикалық реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. Үшіншіден, менің ойымша «Назарбаев моделінің» ерекшелігі өте жауапты сыртқы саясатты жүргізуінде. 25 жыл ішінде бірде бір мемлекетпен кикілжіңге келген емеспіз. Астана Елбасының басты мегажобасы», - деп атап өтті Қырықбаев.

Оның айтуынша, біз астанамызды ауыстырған жер бетіндегі саусақпен санарлық мемлекеттердің қатарындамыз. Ол, Астана – Елбасының басты және бірегей жобасы екендігін атап өтті.

«Менің ойымша, 25 жылда Қазақстанның дамуын айқындаған мега жоба осы - Астана қаласының салынуы. Сонымен қатар, біз мәдениетімізді де түгендедік. «Мәдени мұра» сынды үлкен жобалар жүзеге асты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына бәріміз ат салысып жатырмыз», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Аталмыш шара барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов аталмыш кітаппен әрбір студенттің танысуы маңызды екендігін атап өтті.

«Кітапты әр қазақстандық әсіресе біздің студенттер жете танысса деген ойымыз бар. Өзінің тарихыңды біл, өзінің мемлекеттік құрылысын біле отырып, тек жастар емес әр қазақстандық әрі қарай да өзінің мына санасында мемлекетіміз қандай, мемелекетіміздің болашағы қандай, мемлекетіміз қандай құрылымдардан тұрады, мемлекетіміздің даму принциптері қандай деген сұрақтарға жауап ала алады»,-деді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, Ғалымқайыр Мұтанов.

Айта кетер болсақ, кітап авторлары Махмұт Қасымбеков, Бақытжан Темірболат, Тимур Шаймергенов болып табылады.

 Еске сала кетейік, елбасы кітапханасының «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі жобасы ҚР тұңғыш президенті күні және тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Алматыда көшпелі қор көрмесімен ашылған болатын. Онда ел президентінің жеке архиві, жеке кітапханасы және музей қорының жәдігерлері қойылған. Көрме ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін ашық болады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар