Абай облысының жаңа әкімі болып Берік Уәли тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", — делінген хабарламада.
Бұған дейін Президент Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімін тағайындады.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді:
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды" – делінген ақпаратта.
Пікір қалдыру