Уақытша ұстау изоляторында Шерзат Полаттың өліміне күдіктілердің туған күн тойлап жатқаны туралы видео таралғанын қорғаушы Саида Тәуекелова хабарлады.
Аталған видеода күдіктілердің телефон ұстап, "Алисаға" ән қойдырып, тортқа шам жағып, көтеріңкі көңіл күйде екені байқалады.
Алматы облысының Полиция департаменті аталған жайтқа байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
– Қамаудағының бірінің туған күнін атап өту сәті жазылған бейнежазбаның таралу фактісі бойынша жан-жақты тексеру жүргізілуде. Барлық кінәлі тұлға, соның ішінде басшылық та, қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Осы құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды, – делінген департаменттің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Еске салайық, 22 қаңтарда полиция Шерзат ісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталғанын мәлімдеген.
Пікір қалдыру