ШҚО-да азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының сауда орындары іске қосылды

/uploads/thumbnail/20171130184209780_small.jpg

ШҚО-да азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының сауда орындары іске қосылды деп жазады 24.kz.
Мұнда картоп, сәбіз, орамжапырақ, қызылша және пияз базар бағасынан әлдеқайда арзан. Жергілікті агрофирмалардан 7,5 мың тонна өнім сатып алынған. Жалпы құны – 364 млн теңге. Қазір Семей мен Өскеменде 66 арнайы дүңгіршек болса, олардың 13-і әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тиесілі. 

«Ертіс» ӘКК ҰК» төрағасының міндетін атқарушы Антон Крамаренко:  Корпорацияға тиесілі орындарды көбейту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Бұрын 9 нүктеміз болса, қазір олардың саны 13-ке жетті. Енді Семейде осындай өз нүктелерімізді ашпақпыз. Жергілікті әкімдікпен осы мәселелерді талқылап, жер бөлу жолдарын қарастырып жатырмыз,-дейді.

Қатысты Мақалалар