Ауыр дертке шалдыққан Біржан салдың тағдыры театр төрінде сахналанды

/uploads/thumbnail/20171201134950490_small.jpg

Кеше «әкем театр» атынып кеткен М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Адасқақ» драма-диалогының тұсаукесері өтті. «Адасқақ» драма-диалогы XIX ғасырда өмір сүрген Қазақ даласын әсем әнімен тербеп, артына өлмес мол мұра қалдырған Біржан сал Қожағұлұлы туралы сыр шертеді.
Біржан сал Қожағұлының өмірі мен өнерінен сыр шертетін қойлым өң менен түс арасында өтеді. Түсінде Біржан салдың Абаймен, Ақан серімен жүздескенін көрсетіп, өнер адамының ішкі арпалысын, жан дүниесін  көрсететін қойылым. Өміріңнің соңында ауыр дертке шалдыққан Біржан салдың тағдыры мен «Теміртас» әнінің шығу тарихын бейнелейтін керемет қойылым. Біз білмейтін Біржан салдың өмірін көз алдарыңызда өтеді. Қойлымда отырып сіз тура Біржан салдың заманында өмір сүрген сияқты, ақынның жан дүниесін түсінесіз.
«Адасқақ» драма-диалогы - көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтың прозалық циклі бойынша қойылған. Қойылымның режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов. Ал Біржан салдың рөлін сомдаған Бекжан Тұрыстың ойнағанын көргенде сол заманғы Біржан салды көргендей боласыз.
Біржан салдың өмірінен сыр шертетін қойылым көрермендердің көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді. Қойылым соңында халық Біржан салды қия алмай біраз қол соқты.

«Адасқақ» қойылымы бір әннің,  Біржан сал мен Ақан серінің, жиып келгенде қазақтың XIX ғасырдағы жалпы рухани болмысын көрсеткен қойылым. Ұлт руханиятының жаңғыруы ғана емес, ұлттық сананың  өркен жаюуына үлес қосатын бұл қойылымды әр қазақ көруге міндетті...

Қатысты Мақалалар