Әкенің соңғы өсиеті: жұма сайын қыз ал...

/uploads/thumbnail/20171201155552741_small.jpg

Бiр бай кiсi дүние салар алдында ұлын шақырып алып:

— Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз ал, әр қалаға үй сал, ас жесең бал же!- деп өсиет етiптi. 
Бай дүниеден өтiп, ұлы әкесiнiң өсиетiн орындай бастайды. Жұма сайын қыз алып, әр қалаға үй салып, тек бал жеп, бар дүниесiн бiтiредi. "Ендi не iстеймiн?" деп мұңайып, бiр тастың үстiне отыра кетедi. Арада бiршама уақыт өткенде бiр ақсақал келiп жiгiтке сәлем бередi де, әңгiмеге тартады:

— Не iстеп отырсың? -Жәй отырмын.

— Шыныңды айт! Жүзiңде бiр мұң бар ғой, шырағым!- дейдi қария. 
Жiгiт ештеңе айтқысы келмегенiмен, ақсақал:

—Сырыңды жасырма! Бәлкiм, бiр көмегiм тиiп қалар,- дейдi.

—Менiң әкем бай едi, сол кiсiнiң өсиетiн орындаймын деп кедей болдым. -Не деп айтқан едi? -Әкем: "Мен өлген соң жұма сайын қыз ал",- деп едi, мен әкемнiң өсиетiн орындадым. Екiншi: "Әр қалаға үй сал",- деп едi. Мен әр қалаға үй салдым. Үшiншi: "Ас iшсең, бал же",- деп едi. Мен бұл өсиетiн де орындап, әр күнi бал жедiм. Осыларды атқарамын деп жүргенде барлық ақшам таусылды,- дейдi. 
Сонда қария жiгiтке қарап:

— Сен әкеңнiң өсиетiн түсiнбеген екенсiң. "Жұма сайын қыз ал" дегенi: "Әйелiңмен сыйлас бол, қадiрiңдi кетiрме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәттi өмiр сүресiң!" дегенi. "Әр қалаға үй сал" дегенi: "Әр қалада достарың болсын, барғанда қонатын" дегенi едi. "Ас жесең, бал же" дегенi: "Еңбек етiп, ас iшсең - балдан тәттi болады" дегенi едi,- деп қарт өз жөнiне кетiптi. Жiгiт әкесiнiң терең мағыналы өсиетiн сонда ғана ұққан екен...

Қатысты Мақалалар