2017 жылғы 1 желтоқсанда сағат шамамен 02:00-де «Ертіс орманы» МОТР-ның мемлекеттік инспекторлары Павлодар облысы Лебяжі аудандық ІІО-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып «Ертіс орманы» МОТР Бесқарағай филиалының Байымбет орманшылығы аумағында «Ниссан Патрол» автокөлігімен 4 адамнан құралған топты заңсыз аң аулағаны үшін ұстады, олардың ішінде «Ертіс орманы» МОТР Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР АШМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған автокөлікті тексеру барысында осы орманшылықтың аумағында 1 бас бұлан және 1 бас елік заңсыз атылып алынған фактісі анықталды. Ұсталған бұзушылар қылмыс жасаған құралдарымен Павлодар облысы Лебяжі аудандық ІІО-на жеткізілді.
Қазіргі уақытта Лебяжі аудандық ІІО қызметкерлерімен кінәлі тұлғаларға
қатысты сотқа дейінгі тергеу іс-шаралары жүргізілуде.