Алматыдағы француз үйінің модельдері қазақтың 19-20 ғасырдағы әшекей бұйымдарын тағып шықты.
Бұл туралы "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі "За тебя Бәке" тобы хабарлайды.
Бір қызығы олар әшекейді әдеттегіден өзгеше, яғни, суға түсуге арналған киімдермен таққан. Модель қыздардың қазақы бұйымдарды неліктен жартылай жалаңаш тағынып шыққаны әзірге белгісіз.
Бүгінге дейін қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарын суға түсетін киіммен таққан жағдайлар кездеспеген болатын.
Nur.kz
