Батареямен істейтін жасанды жүрекпен өмір сүретін адамдардың ауыр тағдыры

/uploads/thumbnail/20171211170446553_small.jpg

50 жыл бұрын белгілі хирург Кристиан Барнард алғаш рет адам жүрегін ауыстырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Осыдан кейін мұндай операциялар жиі жасалатын болды.  

Қазір әлем бойынша миллиондаған адам жүрек ауыстыруға кезекте тұр. Донор болатын жүрек табылмағандықтан көбіне механикалық сорғы (LVAD)  орнатылды. Донор ұзақ уақыт табылмағандықтан адамдар батарейкамен жұмыс істейтін аппаратпен жылдап өмір сүруге мәжбүр.

Жасанды жүрек

Студент Джиму Линскиге 2015 жылы LVAD-ты орнатты. Ол кезде оның жасы 19-де еді. Британия тұрғыны туған жерінде аталған құрылғы салынған ең жас емделуші атанды.

Джим мен оның егіз қарындасы Грейс екі апталық кезінде минингитке шалдыққан. Қарындасы еш салдарсыз аурудан айыға алды. Ал Джиммидің жүрегіне қатты зақым келді. Қазір Лински трансплантацияға кезекте тұр.

Отбасы

Лински Шеффилд Халлам университетінде оқиды. Ол үнемі өзімен бірге сөмке асынып жүреді. Онда денеге тікелей жалғанған түтікшелер бар. Ал батарейканы қалтасына салып жүреді.

Джим достарымен спорт залына бірге барып, бірге хауызда жүзуді армандайды.

Кейде ол құрылғының біртүрлі дыбысынан оянып кетеді. Лински ұйықтағанда батарейка қуат алады. Ол 8-10 сағатқа жетеді.

«Душ қабылдағанда ерекше қиын. Себебі жараға көп су тигізуге болмайды. Үстіңе бірдеңе төгіп алсаң үйге қарай жүгіру керек. Ал біреу байқаусызда итеріп қалса не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты. Сондықтан мұнымен өмір сүруге, әсіресе жас кезіңде өте қиын» дейді Джим.

3 жыл бұрын Линскиге құрылғыны орнатқанда оның салмағы небәрі 44 келі еді. Қазір салмақ жинады.

«Сорғышты орнатқалы өзімді жақсы сезінемін. Десе де кейде қиныдықтар туындап тұрады» дейді ол.

Қазанда ескі сорғы істен шығып Джимге жаңа LVAD орнатты. 22 жасқа толған күні ол комада жатты.

Джими

Соңғы терапия

Қазіргі жүрекке арналған сорғыштардың өз кемшіліктері бар. Мәселен, тура денеден шығып тұратын түтікшелерден бөлек өзімен бірге үнемі батарейканы алып жүру керек және кез келген уақытта жараға инфекция түсіп, қан кетуі мүмкін.  Сонымен қатар, дәрігерлер «операцияға жарамайды» деп шешкен емделушілер өмір бойы LVAD-пен өмір сүреді.

Сондай адамдардың бірі -  Бирмингема психологы Питер Хаутон. Ол 2007 жылы қайтыс болды, бірақ жасанды жүрекпен ең ұзақ өмір сүрген адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабаны еніп үлгерді.

Хаутанның жүрегі ауыра бастағанда ол жазылмайтын ауруға шалдыққандармен жұмыс істеген.  

Бірнеше жылдан кейін психолог кардиохиругтың қабылдауына жазылғанда онда демікпе болған және бүкіл денесіне жара шығып кеткен. Өзінің айтуынша, жүрек ауруымен өмір сүру өте ауыр болатын.

Дәрігер

Профессор Уэстаби Хаутонның ауруы асқынып кеткенін және өмір сүруіне аз ғана уақыт қалғанын айтқан. Сондықтан ол жасанды жүректі орналастыратын операцияны жасауды ұсынды. Хаутон соңғы мүмкіндікті жіберіп алмай пышақтың астына түсті. Өзі мұны сәттілікке балайды.

2000 жылдың маусым айында оған Jarvik сорғышы орнатылды. Хаутон үнемі өзімен бірге батарея мен қуаттағышты бірге алып жүруіне тура келді. Оның үстіне оның басына түтікше орнатылды. Ол сорғышқа жалғанған болатын.

Психолог

Операция жасалғаннан кейін  Питер Хаутон 7 жыл ішінде әйелімен 10-нан астам баланы асырап алды. Қайырымдылықпен айналысты. Түрлі халықаралық конференцияларға қатысты. Онда LVAD-ты қолдап сөз сөйледі.

Оның негізгі мақсаты – жасанды жүректі соңғы терапия ретінде жасау еді. Одан кейін донорды, трансплантацияны қажет етпейтіндей жасағысы келді.

Ал Джин Линскиге жақын уақытта операция жасамайды. Себебі оған жақында ғана жаңа LVAD орнатылды. Ағза оған үйреніп үлгеруі керек. Ол үшін уақыт қажет.

«Шынымды айтсам операция жасатпай-ақ құрылғымен 10 жыл жүре беруші едім. Бірақ маған донор табылса мұндай мүмкіндіктен бас тартпаушы едім» дейді ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар