Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы, Бостандық ауданы әкімі Бекқали Нұрғалиұлы 2017 жылдың 10 айында аудан бойынша 255,3 мың м2 баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде: 164,9 мың м2 көпқабатты (23 ғимарат), 90,3 м2 жеке тұрғын үйлер (191 нысан), және 1 жатақхана. Инвестиция көлемі 24 851,0 млн. теңге,- деп мәлімдеді аудан басшысы.
Есептік кезеңде аудандағы қоғамдық көліктермен жалпы саны 23 517,8 мың адам тасымалданды. Ауданда 1 ірі №2 автопарк орналасқан.
Сондай-ақ, ауданда 4 метрополитен станциясы бар: «Алатау», «Байқоңыр», «Драмтеатр Әуезов», «Сайран». Әр станциядағы жолаушылардың ағымы жұмыс күндері шамамен 45 мың адамды, демалыс күндері 25 мың адамды құрайды,- деп сөзін түйіндеді аудан басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.
Пікір қалдыру