Бостандық ауданында жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрады

/uploads/thumbnail/20171214111745366_small.jpg

 

Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлы мәлімдеді.

2017 жылы мониторинг жұмыстарына сәйкес, жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрайды, былтырғы көрсеткіш 5,3%-ға сәйкес.

Жұмыспен қамту орталығының ресми мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 3 183 адам жұмыссыздар қатарында (2016 жылы – 3 151 адам), оның ішінде 1439 адам жұмысқа орналастырылды (2016 жылы – 1830 адам), 64 адам әлеуметтік жұмыс орындарына (2016 жылы – 135 адам), 118 адам жастар іс-тәжірбиесіне (2016 жылы – 32 адам) жолданды. Қоғамдық жұмысқа 322 адам жіберілген болса (2016 жылы – 399 адам), 284 адам кәсіптік дайындау курсына жіберілді (2016 жылы – 155 адам).

Жұмыспен қамту орталығына жылдың басынан бастап 928 адам жұмыссыз ретінде тіркелді (2016 жылы – 913 адам).

Ағымдағы жылдың қаңтар – қазан айларында тұрмыс деңгейі төмен 738 адамға жалпы сомасы 4 292 470 теңгені құрайтын тұрғын-үй көмегі көрсетілді (2016 жылы – 1006 адам,7 695 041 теңге).

2017 жылдың қаңтар – қазан айларында орта айлық жалақы 218 176 теңгені құрады, 2016 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға өскен (193 418),-деді өз сөзінде Бостандық ауданының басшысы Бекқали Нұрғалиұлы.

Қатысты Мақалалар